БІРДЕ-БІР БАЛА СЫЙЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ!

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа жыл қарсаңында теміржолшылар отбасындағы бүлдіршіндерге сыйқапшық таратуда. Биыл Ұлттық компания бойынша барлығы 141 мың балаға тәтті сыйлықтар тарту етілмек.

Жаңа жылды бас кейіпкерлері Аяз ата мен Қаршақыз болатын ертеңгіліксіз және түрлі тәтті-дәмді толтырылған сый қалташаларсыз елестету, әсіресе балалар үшін мүмкін емес. Бұл жолы да Қазақстан темір жолының арнайы дайындаған дәстүрлі сый қалтасынан түрлі кондитерлік өнімдер, тілі дәм үйірген шоколадтармен қатар жұмсақ беторамал, бояуға арналған әртүрлі суреттері бар кітапшалар, балаларды мультфильмдердің кейіпкерлерін бояу арқылы олармен бірге қиял әлеміне саяхаттауға шақыратын түрлі-түсті қарындаштар табылып, сыйқапшықтың салмағын одан әрі арттыра түсті. Сонымен, мұндай жаңажылдық сыйлықтың иелері кімдер деген сауалымызға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Саян Сыздықов жауап берді. «Біз балалар үшін жаңажылдық сыйлық сатып алғанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның қызметкерлері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартты негізге алдық. Онда Компания қызметкерлерінің, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты болған қайғылы оқиға салдарынан еңбекке жарамдылығын толық немесе жартылай жоғалтқан еңбеккерлердің 13 жасқа дейінгі балаларына Компания есебінен жаңажылдық сыйлықтар сатып алу қарастырылған. Егер баланың әкесі де, шешесі де теміржол саласының қызметкері болса, тек бір ата-анаға ғана сыйлық беріледі. Сыйлықтар белгіленген тәртіп шеңберінде үстіміздегі желтоқсан айының екінші жартысында таратыла бастады. Бүгінде шалғайдағы шағын станция-бекетте тұратын барлық теміржолшылардың балаларына компанияның жаңажылдық сыйқапшығы табыс етілді деп ойлаймын, – деді ол.

Источник

Сұлугүл БАКЕСОВА,
Астана