Демалыс үйі ашылды

Сарыөзек станциясындағы Локомотив бригадаларының демалыс үйіне жөндеу жұмыстары аяқталды.
Мұнда сапарлары арасында Алматы, Матай және Үштөбе деполарының локомотив бригадалары демалады. Күніне орта есеппен 10-15 бригада, яғни 30 адамға дейін тоқтайды. Демалыс үйінің жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады.
Бұрын қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты Демалыс үйінің ғимараты консервацияланған болатын. Локомотив бригадалары бұған дейін жалға берілетін жайларға тоқтап жүрді.
Өткен жылы ғимаратты қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ауданы 552 шаршы метрден асатын ғимараттың бірінші блогы бөлшектеліп, екінші және үшінші блоктар жөнделді. Іргетасының құрылымы нығайтылып, шатыры, терезелері мен есіктері, еденнің ағаш негізі алынып тасталды. Дәліздер мен сантехникалық бөлмелерде керамикалық плиткалар, ал демалыс бөлмелерінде ламинат төселді.
Инженерлік желілер (жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электр қуаты) ретке келтіріліп,қасбеттің қабырғаларына сәндік сылау жүргізілді. Жылу шығынын болдырмау үшін Демалыс үйі ғимаратына қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін екі қазан орнатылған жаңа қазандық салынды. Аумақты абаттандыру және қоршау аяқталды.
Жақын жерде ауданы 430 ш.м. асатын әкімшілік-тұрмыстық корпус орналасқан, онда Сарыөзек депосының инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметкерлеріне арналған жеті кабинет, техникалық класс және депо бойынша кезекшіге арналған кабинет ашылған.