ҚТЖ Достық станциясында жүктерді беру бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады.
25 қарашада Достық – Алашаңқай шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға 16 пойыз берілді, осылайша Қазақстан мен ҚХР теміржолшыларының үйлесімді жұмысы мен тиімді бірлескен қызметінің арқасында Теміржол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген жылдық жоспар толық емес 11 айда орындалды.
Достық станциясы арқылы ҚХР-ға 14,4 млн тоннадан астам жүк берілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4% жоғары.