Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қазақстан темір жолының еңбек қорғау қызметімен бірге барлық өңірлерде семинарлар өткізуді жоспарлайды.
Жылда 28 сәуірде атап өтілетін бұл күннің басты тақырыбы – әлеуметтік диалог мәнін түсіндіріп, барлық мүдделі тараптарды еңбек қорғау мәдениетін қалыптас- тыруға жұмылдыру. «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитовтің айтуынша, даталы күнге орай өңірлерде, теміржолдың өндіріс орындарында аншлагтар ілініп, еңбек қорғау бойынша ең үздік техникалық инспекторлар атап өтіледі. Сонымен қатар өндірістік персоналға 2021-2022 жылдары болған қайғылы жағдайлар, жарақат алу себептері мен олардың алдын алу бойынша талдау жұмыстары таныстырылуы тиіс. Сондай-ақ, бұл күні теміржолшыларда жұмыс киімінің және жеке қорғаныш құралдарының бар-жоқтығы және санитарлық-тұрмыстық ғимараттар тексеріледі. «Еңбек қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» 1 сәуірге дейін анықталып, Кәсіподақтың орталық кеңесі тарапынан марапатталады.
Ұлан Ораз, Нұр-Сұлтан