Көктем басталғалы пойыздардың қоз- ғалыс қауіпсіздігін сақтауды басты міндет санайтын теміржолшылар тазалық акциясына да зор көңіл бөліп отыр.
Қазалы вагон пайдалану депосының Сексеуіл, Арал теңізі, Төретам, Жосалы, Қызылорда және Шиелі телімдерінде “Birge:Taza Qazaqstan” экологиялық акциясы және “Amanat” партиясының “TazaLike” жобасы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, қоршаған ортаның тазалығы үшін қыруар жұмыс жасалуда. Өткен сенбіде Қазалы станциясының қос алқымы арасында өткен сенбілікке депо жұмысшыларының кезекті легі шығып, бір тобы станцияның солтүстік алқымынан, екінші тобы оңтүстік алқымнан бастап жұмыс жасады.
– Көктем айларында жылда сенбілік ұйымдас- тыру теміржолшылар ортасында дәстүрге айналған, оған үйренгенбіз, сонымен қатар жұмыс орнымыз бен айнала төңіректің тазалығы ең алдымен өз денсаулығымыз үшін пайда. Еңбекті қорғаудың бұл да бір қағидасы. Экологиялық жағдайды жақсарту арқылы табиғатқа да, өзімізге де пайда келтіреміз, – дейді депо бастығы Арғын Орымбаев.
Сенбілікке жұмыстан тыс теміржолшылар жұмылдырылады. Экологиялық тазалық айлығы бойынша алдағы күндерде де әр станциядағы техникалық қызмет көрсету пункттерінің аулаларында, цехтарда, жалпы алғанда депо телімдерінің өн бойында жұмыс жалғасатын болады.
Азамат Құлымбет, Қазалы
Суретті түсірген автор