Вы сейчас просматриваете «Халық  алғысы» – еріктіде

«Халық алғысы» – еріктіде

«Батыс» аймақтық филиалына қарайтын Шұбарқұдық станциясының тұрғыны Жалғасбай Қонысбаев «Халық алғысы» жобасының кейіпкері атанды.

Темір ауданының әкімдігі вокзал маңында жолаушыларға көмектесумен уақыт өткізетін ауыл тұрғынын «Халық алғысы» жобасының жаңа кейіпкері ретінде таныстырды.

Екінші топ мүгедегі деген әлеуметтік статусы бар Шұбарқұдық станциясының тұрғыны Жалғасбай Қонысбаев 48 жаста. Ол – он жасынан бастап Шұбарқұдық станциясындағы теміржол вокзалында жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

«Бұл баланың марқұм әкесі өмір бойы вагон шаруашылығын басқарып, зейнетке шыққан еді. Жалғасбай бала күнінен теміржол бойын жағалап өскен бала, әкесіне еріп депоға да келетін. Қанша жыл болды, көретініміз – үнемі вокзалда жүреді. Пойыздан түсіп жатқан, мінген жолаушыларға көмектеседі. Жөн сұрағандарды жолға салып, қиналғандарға қол ұшын созып, балаша шапқылап жүреді. Еріктілер қозғалысы теміржолда бір-екі жыл болды басталғалы, ал біздің Жалғасбай оны он шақты жыл бұрын бастаған», – дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин.

Аудан әкімдігі имандылық пен адамгершілікті ту етіп, ел алғысына бөленіп жүрген азаматқа сый-сияпат көрсеткен.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе

Суретті түсірген автор