Кәсіподақтың құрылған күнімен!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Теміржолшылар кәсіподағының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Естеріңізде болса, 1992 жылы 26 наурызда Қазақстан Республикасының теміржолшылар мен көлік құрылысшыларының кәсіптік одағын құруды жариялаған бірінші (құрылтай) съезі өтті. Оның құрамына Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдарының жолдық кәсіподақтары,  жол бөлімшелеріне тікелей бағынатын кәсіпорындардың аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ “Желдорстрой” және “Қазтранстрой”құрылыс трестері кірді.

Осы жылдар ішінде дамып және жетіле отырып, біздің Кәсіподақ көлік қызметкерлерінің мүдделерін үйлестіруді және қорғауды, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ететін, Еңбек Адамы үшін лайықты өмір сүруді  қамтамасыз етуге ықпал ететін қуатты бірлестікке айналды.

Құрметті әріптестер, “ҚАЗКӨЛІККӘСІП ” ҚБ атынан Сіздерге зор денсаулық, бақыт,  көлік саласының кәсіподақ қозғалысын дамыту үшін жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін!

Төраға                

Оразғали АХМЕТБАЕВ