Отырысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ омбудсмені Қанат Әлмағамбетов, кәсіподақ филиалдарының басшылары және кәсіподақ Орталық кеңесінің өңірлік өкілдері қатысты.
Кеңес барысында кәсіподақтың ағымдағы қызметі туралы есебі тыңдалып, кәсіподақтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Алдағы теміржол саладағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар талқыға салынып, бірқатар мәселелерге назар аударылды. Естелік медаль мен мерекелік дата логотипінің жобалары қаралып, бекітілді.
Отырыс қарсаңында Кәсіподақ Орталық кеңесінің атқару комитеті 2024 жылғы қаржылық есептерді қабылдап, Орталық кеңес пен филиалдардың 2025 жылға арналған бюджеттерін бекітті.
Сұлугүл Бакесова
