Вы сейчас просматриваете КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ – ШИРЕК ҒАСЫР!

КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ – ШИРЕК ҒАСЫР!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Батыс» филиалы Ақтөбе аймағында теміржолдың кәсіподақ ұйымы төрағалары бас қосқан жиын өтті.
Онда ширек ғасырдан бері әлеуметтік әділдікті ту еткен кәсіподақ жұмысын алға жылжытып келе жатқан ардагер- лерге құрмет көрсетілді.

«Батыс» филиалы бойынша кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов кәсіподақ төрағаларын Қазақстан темір жолының 25 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.
– Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер ролін атқаратын кәсіподақ жұмысы жеңіл емес, жауапкершілігі мен арқалаған жүгі ауыр. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жатқалы ширек ғасырдан асыпты. Теміржолшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшының өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік теңсіздікті қамтамасыз ету қай кезде де адам баласы үшін ең ізгі миссия болған. Сіздерге абыройлы еңбектеріңіз дәйім жемісті болсын деп тілек айтамын, марапат құтты болсын! – деді кәсіподақ жетекшілеріне марапат тапсырған Ғабит Садықов. Кездесуге жиналғандар әрі қарай күн тәртібіндегі екінші мәселе, алда келе жатқан сала кәсіподағының 30 жылдығына орай өтетін шараны талқылауға кірісті.


Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген авто