Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде еңбек ететін теміржолшылардың балалары арасында болған байқау да мазмұнды өтті.
Кәсіподақ ұйымының демеушілігімен, өндірістік еңбек қауіпсіздігі және экология бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасынан келген балалар қатысты.
– Сурет салу жарысына қатысқан 17 бала да теміржолшылар отбасында өсіп жатқандықтан бұл сала оларға жақсы таныс екені аян. Сонымен қатар байқаудың басты тақырыбы қауіпсіздік те оларға таңсық емес, жол бойында, станция-бекеттерде тұратын теміржолшылардың балалары ғой. Сондықтан балалардың салған суреті бағалауға лайық деп 17 баланың бәріне бірдей естелік сыйлық бердік, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.
Десе де, жарыстың аты жарыс, қауіпсіздік тақырыбын ақ қағазға мағыналы да мазмұнды бейнелеген 6 балаға арнайы жүлделі сыйлықтар берілген. Олар – жол дистанцияларында еңбек ететін жол жөндеушілердің балалары Ислам Саматұлы, Нұрлан Берікболқызы, Нұрдәулет Ақынбек, Рамазан Саматұлы, Кызылорда вокзалының кезекшісі мен Арал теңізі вокзалы дикторының балалары Димаш Даниярұлы мен Мөлдір Нұржанқызы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор