«ҚТЖ» ЖШС Батыс аймақтық филиалында еңбекті қорғау күніне орай қоғамдық инспекторлар жұмысы сараланды.
– «Батыс» филиалы жыл сайын жұмысшыларды ынталандырып, өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолданып келеді. Биылдыққа жарақат алу жағдайы тіркелмеді. Мұндай жақсы көрсеткішке әр маманның қосқан үлесі зор. Қазір бізде KTZ HSE ISPB модулінің артықшылықтары мен тиімді тұсын сәтті пайдалану басты назарға алынған. Қызметкерлер үшін қауіпсіз, ыңғайлы орта қалыптастырып, алаңсыз жұмыс істеу үшін жайлы орын жасақтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүреді. Өндіріс мәдениеті мен сапалы өмір сүру, сонымен қатар өз денсаулығына және әріптестерінің өміріне жауапкершілікпен қарау бәрінен маңызды, – дейді Батыс аймақтық филиалының бас инженері Жасұлан Рсқалиев.
Филиалда өндірістік жарақаттарды болдырмау, оның алдын алу, сондай-ақ «Vision Zero» тұжырымдамасы негізінде белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Еңбек қорғау күніне орай үздік техникалық қоғамдық инспекторлар мен ұжымдар марапатталды. «Жылдың үздік кәсіпорны», «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар мен сертификаттар берілді. «Ең үздік еңбек қауіпсіздігі бұрышы», «Ең үздік күзет мекемесінің жұмысы», «Ең жақсы тамақтану бөлмесі», «Ең үздік санитарлық торап» номинациясы бойынша да ұжымдар марапатталды.
Ардан Сердалы, Ақтөбе