«Казпрофтранс – 2021» Теміржол футбол лигасы Кубогының» іріктеу ойындары өңірде өз жалғасын тауып жатыр. Маусым айында басталған аудандық тораптардағы ойындар аяқталып, жуырда Атырау қаласындағы теміржол мекемелері арасында сайыс өтті.
Турнирге алты команда: Атырау жүк тасымалы бөлімшесі, Атырау вагон депосы, Атырау локомотив депосы, «Транстелеком» АҚ, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы және «Локомотив» футбол командалары қатысып, өзара сайысқа түсті. Атырау жүктасымалы кәсіподақ ұйымының спорт жөніндегі нұсқаушысы Ринат Иманғазиев тіңайтуынша, командалардың бәріде жарысқа үлкен дайындықпен келген. Алты команда екі топқа бөлініп, әуелі бірінші, сонансоң екінші топтағылар ойынны басталды. Әдегеннен-ақ Атырау локомотив депосының ойыншылары ерекше қарқынтанытып, қарсыластарынтұқыртып тастады. Қалай дегенмен де футзалдан Қазақстан әуесқой командалары арасында өткен жарыстарда өнер көрсетіп жүрген олар кәнігі кәсіпқойларша шеберойын өрнегін көрсетіп, үйіріп ала кеткені белгілі болды. Бірақ басқа командалар да есежі бермеуді ойлап, намысты қолдан бермеуге тырысты. Ойыншылар талас-тартыстақызудодаға түсіп, өте тамаша ойын көрсетіп, пандемияға байланысты жанкүйерлердің болмағаны ғана әттеген ай дегізді. Ойын қорытындысы бойынша, әрине әубастан жеке дара шапқан Атырау локомотив депосының командасы 1-ші орынды жеңіпалды. Машинистердің көп болуына орай оларданекі команда құралған болатын. Екінші орындыда сол «Локомотив» колмандасы иеленсе, Атырау жүктасымалы командасы 3-ші орынғашықты.
Жеңімпаз локомтившілерендітораптық командалар арасындағы келесі іріктеу ойынына қатысады.
ҚосұйымМұқашев, Атырау