Вы сейчас просматриваете Маңғыстауда биыл 125 шақырым темір жол жөнделеді

Маңғыстауда биыл 125 шақырым темір жол жөнделеді

2025 жылы маңғыстаулық теміржолшылар жөндеудің барлық түрімен шамамен 125 км жолды қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сай-Өтес – 7-ші рзд. аралығындағы 15,7 км теміржол төсемі күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ ұзындығы 23,3 км станциялық жолдарды күшейтілген-орташа жөндеу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жоспарлануда.
ПРСМ жол рельсті дәнекерлеу машиналарының көмегімен түйіспесіз жолдағы ақаулы жерлер жойылады. РМ және DUOMAT машиналарын қолдана отырып, ластанған балласты тазартып, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Сай- Өтес аралықтарында түзету, ұрып-соғу және тегістеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, жазғы жол жұмыстары аясында маңғыстаулық теміржолшылар 450 шақырым жолды жөндеп, темір жол бойында 107 шақырым мал қоршауын салады.