Ағымдағы жылдың 22 наурызы күні НЖС-10, ПЧ-57, ШЧ-39, “Теміржол су”, ШЧ-40 және ПЧ-59 бастауыш кәсіподақ ұйымдары “ҚАЗКӨЛІККӘСІП” ҚБ Қызылорда филиалымен бірігіп, Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Ұлыстың ұлы күніне орай киіз үйлер тігілді. Халқымыздың ұлттық нақыштағы дәстүрлерін жандандырып, қол күрес, арқан тарту, асық ату ойындарын өткізді. Сондай-ақ дәмді наурыз көже, палау және бауырсақ таратылды. Қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеті дәріптелген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтілді.





