«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы колледж студенттері мен елордалық мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған білім беру экскурсияларының сериясын ұйымдастырды. Танымдық экскурсиялар 16 қазанда басталды. Оларға 32 мектеп пен колледжден 1200 астам жасөспірім қатысты. Іс-шаралар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның оқу орындарымен ынтымақтастығы аясында өтуде.
Жасөспірімдер персоналды бағалау және дамыту орталығына, астаналық вокзал кешеніне, ҚТЖ орталық мұражайына барды. Білікті тәлімгерлер жетекшілігімен мамандықтардың ерекшеліктерімен: станция диспетчері, локомотив машинисі, кезекші вокзал және басқалар танысты. Балалар алғаш рет заманауи локомотивтің арнайы тренажер кешенінде виртуалды саяхат жасап, өздерін машинист ретінде сезініп көрді.
Балаларға теміржол көлігінің ел экономикасында қандай рөл атқаратыны, болат магистралін дамытудың тарихи кезеңдері, бүгінгі күні іске асырылып жатқан аса маңызды инфрақұрылымдық жобалар және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, экскурсиялар өткізу теміржол саласы үшін болашақ жас мамандарды тартуға және дайындауға, сондай-ақ Компанияның оқу орындарымен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған кәсіптік бағдарлау іс-шараларының маңызды бөлігі болып табылады.
Оқушылар мен студенттер экскурсиядан жақсы әсер алды және болашақ кәсіби жолды таңдауда мұндай жобаның маңыздылығын атап өтті. Экскурсиялар сериясы 2023 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады.