Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерде еңбек ететін темір- жолшылардың 51 баласы күні
кеше жер жәннаты Көкшетаудағы «Эделвейс» сауықтыру орталығына аттанды.
Аймақ теміржолшылары балаларының жазғы демалысын тиімді өткізу үшін компания тарапынан кешенді шаралар
қолға алынып іске асырылуда. Бұдан бұрын Түркістан облысындағы Машат лагерінде демалып жатқан балалар ту
ралы жазған едік. Бұл жолы Сексеуіл мен Түркістан станциялары арасындағы бекеттерде жұмыс істейтін теміржолшылардың балалары аттанған. «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық филиалының ұйымдастыруымен балаларды жинақтап, ас-суын беріп, пойызға отырғызу, лагерге дейін жеткізіп салу талапқа сай жүргізіледі. Ең бастысы балалар қауіпсіздігі, олар 5 топ жетекшісі мен медбикенің бақылауында болады. Кәсіподақ өкілі, топ жетекшісі Асылбек Мың
жасаров екі аптаға созылатын балалар демалысы ойдағыдай өтуі үшін барлық мүмкіндікті жасайтындарын
жеткізді. Сұлу Көкшеге аттанған балалар мінген «Қызылорда – Көкшетау» жолаушылар пойызын шығарып салуға келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық филиалары төрағасы Бауыржан Ахметов пен Қызыл- орда бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Орынкүл Итенгенова оларға сәтті сапар, көңілді демалыс тіледі.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор