Кеше Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі және “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ жұмыс берушілері, темір жол көлігінің өзге де ұйымдарымен “Қазақстандық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ арасында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі салалық келісімге қол қойылды.
Келісім тараптардың әлеуметтік әріптестігінің негізгі құжаты болып табылады және тараптардың келісілген әлеуметтік-еңбек саясатын жүргізуінің, көлік кәсіпорындарының жұмысын жетілдірудің, теміржол көлігі саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейтудің жалпы қағидаттарын белгілейді.
Осы салалық келісімге қол қою теміржол саласының жай-күйіне мониторингті тиімдірек жүзеге асыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ теміржол кәсіпорындары қызметкерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу жөнінде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.