САН ҚЫРЛЫ САБЫРЖАН!

Сабыржан Бекмыр- заев – Арыс станциясында отыз жылдан бері еңбек етеді. 1990 жылы пойыз құрастырушының
көмекшісі болып бастап, пойыз құрастырушы болды. Сосын вагон жылдамдығын реттеуші маман ретінде тағы 7-8 жыл тер төкті.

Бір күндері станциядағы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Шорахан Телғозының ұсынысымен оған көмекші болып
сайланды. Сол-ақ екен, арыстық теміржолшылардың мұңын жырлап, сойылын соғатын нөмірі бірінші адамға айналып
шыға келді…
Бүгінде ол 40 жастан асқан станция қызметкерлерінен құралған спортшылар командасының спорт секторы. Ал
ол жетекшілік ететін спорт секторының футболшылары 2017 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылатын Құрметті
теміржолшы Байсейіт Танкеев атындағы футбол турнирінде 2018 жылы 1-орын, ал биылғы турнирде 3-орын алды.
Сабыржан Сайлауұлы бастаған кәсіподақ мүшелері саламатты өмір салтын ұстанудан бөлек, түрлі қоғамдық істер мен қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болып келеді. Атап айтқанда, станция бойынша зейнет жасына жетпей денсаулығынан айырылған немесе өндірістік жарақат алып көз жұмған 17 азаматтың отбасына қолдау-көмек көрсетуді ең алдымен қолға алады. Сол сияқты, қалалық деңгейде ұйымдастырылған түрлі мәдени-танымдық, спорттық сайыстарға да теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етеді. Арыстық теміржолшылардың еңбек демалысында емдеу-сауықтыру орнына барып-қайту жолдамаларын да жүйелі үлестірілуін қамтамасыз етеді. Биылғы жазда осы станциядан зейнетке шыққан зейнеткерлер басын қосып ауқымды спорттық шара өткізгені үлкенге ізет, кішіге өнегелі істің бірі болды. Осылай, қоғамдық жұмыс десе ішкен асын жерге қойып жүгіретін кейіпкеріміз биыл сала кәсіподағының 30 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды. Сондай-ақ, теміржолшылар әулетінің белсенді өкілі ретінде Түркістан облысы әкімінің арнайы грамотасына ие болған.

Источник


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, Арыс
Суретті түсірген автор