Астанада 18-19 қараша күндері кәсіподақ өкілдеріне арналған екі күндік оқу-семинары өтті. Іс-шараға Орталық кәсіподақ кеңесінің екі өңірлік өкілдігінің және Астана әуежайы жергілікті кәсіподағының, 14 бастауыш кәсіподақ ұйымы мен салалық кәсіподақ ұйымы 12 филиалының сарапшы-өкілдері қатысты.
Оқу-семинарға қатысушылар Қазақстанның үздік спикерлерінің дәрісін тыңдап, ҚР Еңбек Кодексі, еңбек қорғау, кадрлық іс жүргізу, Кәсіподақтың ақпараттық қызметі тақырыбында білімдерін нығайта түсті.
Сонымен қатар семинарда кәсіподақ ұйымдарының жергілікті жерде кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау, Ұжымдық шарт бойынша жұмыстары мен іс-әрекеттері талданып, талқыланды. Кәсіподақтардың ұйымдастырушылық жұмыс жоспарлары мен перспективалары сөз болды. Сондай-ақ 2025 жылы кәсіподақ жұмысын дамыту және нығайту бойынша Кәсіподақ құрылымдары үшін есеп беру жылы болуы да тілге тиек етілді.
Сарапшылар білімін нығайтып, құзыретін арттыруға бағытталған семинардың екінші күні қатысушылар Салалық Кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаевпен кездесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап форматында әңгіме өрбітті.
Ислам ТАЛҒАТ,
Астана
Суретті түсірген автор