Вы сейчас просматриваете Семей: дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Семей: дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

25.04.2025 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Семей локомотив пайдалану депосына арнайы іс-сапармен жұмысшылардың жағдайымен танысуға:
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары-Өтешов Нұрлан Сүлейменұлы;
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы-Отаров Қайрат Орынбасарұлы;
«Абай облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының м.а.-Байқадиев Досжан Сайлаубайұлы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бастығы-Түсіпбаев Тоқтарбек Мұхаметрахымұлы;
«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Семей өңірі бойынша өкілі-Қажығұлов Есен Асқарұлы
келді. Семей локомотив пайдалану депосының басшылығы кезекші бөлім, жұмысшылардың ауысым алдындағы заманауи медициналық тексеру орнын және локомотивтерді техникалық байқау пунктімен таныстырып, жұмысшылармен кездесуге техникалық сабақ өткізу орнына келді. Жиналыс жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған жұмысшыларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ары қарай жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы, жалақы мәселесі, кәсіподақпен жұмыс беруші арасындағы қарым қатынастың нығайтылуы тілге тиек етіліп, жұмысшы мамандықтары жылы аясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай бір қатар депо қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Кәсіподоқтар Федерациясының атынан және салалық темір жол кәсіподағы атынан марапат берілді.