Төреші құрметіне турнир

Атыраулықтар спорт ардагері, футболдан ұлттық санаттағы төреші Камали Иманғазиевті ұмытпайды. 15 сәуір күні өңір теміржолшылары арасында шағын футболдан өткен турнир спортшы-төрешіні еске алуға арналды.

Иманғазиев Камали Қалиұлы 1930 жылы 15 сәуірде Гурьев қаласында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1944 жылы 14 жасында жол құрылысы және жөндеу мекемесінде бастаған. 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтейді. Бала кезінен спортқұмар боп өскен ол 1954 жылы «Спартак» қоғамына, ал 1959 жылы Қазақ темір жолының Гурьев бөлімшесіне спорт әдіскері болып жұмысқа орналасады. Ол кезде темір жолда спортқа ерекше көңіл бөлінетін болған. Қай мекемеде де жұмысшылар арасында түрлі спорттық жарыстар тұрақты өткізілетін. «Локомотив» спорт клубын басқарған Иманғазиев сол жарыстарды ұйымдастырып, өткізу жұмыстарының бел ортасында жүрді.

1967 жылы ол футболдан рес- публикалық дәрежедегі төреші атағын иеленеді. 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолы Гурьев бөлімшесінде спорт бөлімінің басшысы болды. Сол жылдары өңір теміржолының спорт саласын дамытуға, теміржолшылардан мықты спортшылар дайындап шығаруға үлкен еңбек сіңірді. Соның ішінде бөлімше теміржолшылары футболдан зор жетістіктерге жетіп жүрді.

Турнирге жеті команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Атырау локомотив пайдалану депосы, екінші орынды Атырау вагон жөндеу депосы, ал үшінші орынды Транстелеком командасы жеңіп алды. Барлық командаларға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, арнайы дипломға ие болды.

Қосұйым Мұқашев,

Атырау

Суретті түсірген ватор