Теңбіл доп додасы

Қандыағаш станциясында теміржолшылар шағын футболдан жарысқа түсті. Доп тебуден алдына жан салмаған ШЧ-4 командасы 1-орынды иеленді.

Қандыағаш қаласындағы спорт кешенінде әскерилендірілген теміржол күзеті, жол дистанциясы, электрмен жабдықтау дистанциясы, вагон қараушылар және станция қызметкерлері шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді. Бес команда ойыншылары бар өнерін ортаға салды. Ойын шарты бойынша үш команда жүлделі орындарды бөлісті: ШЧ-4 – 1-орын, вагон шаруашылығы – 2-орын, әскерилендірілген теміржол күзеті 3-орын алды.

– Теміржолшылар арасынан жасақталған командалар теңбіл доптың бәсекесін қыздырып, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Ойын барысында командалар ереже бұзбай, қарсыластарымен мәдениетті әрі қызықты өнер көрсетті, – дейді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Теміржолшылар арасында футбол ойынының даму қарқыны жоғары. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттаған теміржолшылар жеңіл атлетика және теннис ойындарында өзара бақ сынады.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбe

Суретті түсірген автор