Вагон пайдалану депосында фитнес-орталық ашылды

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Темір жол саласында да бұл бағытта жақсы үрдістер бар. Мереке қарсаңында Атырау вагон пайдалану депосында шағын фитнес-орталығы ашылды.
«Қазкөліккәсіп» ҚБ Атырау өкілдігінің төрағасы Боранбай Қамиев пен Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының қаржы жөніндегі орынбасары Мұрат Жүгінісов вагоншылар қуанышына ортақтасып, орталықтың ашылу салтанатына арнайы келді. Шағын залда үстел теннисі, велотренажер, жүгіру тренажері, турник, кір тастары, гантельдер, басқа да спорттық снарядтар бар.
«Депо аумағындағы ескі ғимараттың ішін тазалап, бөлмені жұмысшылар үшін арнайы спортпен шынығуға бөлдік. Шағын да болса, депо ауласында тұр, алысқа барудың, фитнеске қыруар ақша төлеудің керегі жоқ. Қажетті спорттық құралдар жеткілікті. Кәсіподақтың қолдауымен бәрі де сатып алынды»,- дейді депо бастығы Әмірбек Бейсеев.
Деполықтар бос уақыттарын тиімді өткізетін орталықтың ашылуына ерекше қуанышты, енді алдағы уақытта депо ауласынан волейбол алаңын салуды да жоспарлап отыр. Спорттық нысандар жұмысшылар үшін шынымен де қажетті және жиі бас қосатын орын болатыны сөзсіз.
Қосұйым Мұқашев