ұл күні Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде жұмыс әдеттегіден өзгеше басталды. Филиалдың аппарат қызметкерлері мұражай алдына жиналып, Мемлекеттік әнұранды бірге шырқады.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай бір сәтте әнұранды бірге шырқау бастамасына филиалға қарасты құрылымдар да үн қосты. ТЧЭ – 31 Жамбыл локомотив пайдалану депосы, ТД – 19 Шу локомотив депосының және басқа да мекемелер бөлімшенің орталық аппаратына қолдау білдіріп, тағы жұмысты мемлекеттік әнұранды орындаудан бастады.
– Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен бастау алған бүгінгі іс-шараға қатысқан теміржолшылар ұйымшылдық пен патриоттықтың үлгісін көрсетті. Әнұранымыз асқақтата шырқалғанда кез келген азамат бей-жай қарап тұра алмайды. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін, – дейді Жамбыл бөлімшесі филиалы кадр бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаева.
Ардақ Үсейінова
