Семей теміржолындағы жастар қауымымен жүздесу болып өтті. Салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған іс-шараға бөлімше басшылығы да келіп, ұлттық компанияның жастар саясаты жөнінде сөз қозғады. Жастар да өздерін толғандырған мәселелер жайлы кеңінен сөз етті. Олардың проблемалары туралы да еркін әңгіме өрбіді.
Кәсіподақ ұйымы тарапынан еңбек құқығын қорғау, жалпы кәсіподақ қызметі жайы да қозғалды.
Ардагерлер қауымы атынан Құрметті теміржолшы Мақсұт Көшжанов сөз алып, баталы тілек білдірді.
Жиын қорытындысында алдағы уақытта қоғамдық шараларда жастар белсенділігін арттыра түсу, кәсіподақ ұйымымен байланысты жандандыру жайлы уағдаластық жасалды.
