Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолға қарасты барлық ғимараттар мен нысандарды алдағы қысқа даярлау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
Бұл орайда желі бойындағы мекемелер мен деполарда ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынмен өтуде. Биылғы жылы бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың бастамасымен теміржол нысандарын жөн деуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, ағымдағы жаз айларында желі бойындағы 11 нысанды жөндеуден өткізу межеленіпті. Өткен жылы олардың саны небәрі үшеу ғана еді. Қазіргі таңда Семей, Өскемен және желі бойындағы Шар мен Суықбұлақ станциялары бойынша қарқынды түрде жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу, жаңғырту, жаңадан салу жұмыстары әсіресе жергілікті вагон шаруашылығында белсенді жүріп жатыр. Мәселен, Шар станциясында асар дәстүрімен вагоншылардың жылыну үйшігі салынып бітуге таяп қалса, Семейдегі техникалық қызмет көрсету орындары толығымен жаңаруда. Қазіргі күні ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталып қалды. Мұндай шаралар қатары Өскемен өңірі бойынша тіптен ауқымды. Еліміздің қиыр шығысындағы локомотившілердің демалыс үйі күрделі жөндеуден өтуде. Нысанның шатырына демонтаж жасалып, жаңадан жабылуда. Сол тәрізді жалға алынып келген ДСП жұмыс орны заманауи модульдік типтегі кеңсеге көшірілді.
Айта кетер бір жайт, Белағаш, Шар және Риддер сынды көптеген станциялар бойынша ағымдық жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ғимараттардың сыртқы сылағы мен ішкі косметикалық әрлеу жұмыстары қатар жүргізілді. Мұнымен қосатеміржол шылардың ас ішетін бөлмелері де қайта жарақталды. Сонымен қатар теміржолшылар тілегіне орай кәсіподақ жетекшілері де елеулі түрде көмек беруде. Мәселен, станциядағы пост терезесін ауыстыру, депо аулаларын немесе теміржол бойының көрнекті тұстарын эстетикалық түрге келтіру сынды жұмыстар жылдам бітуде. Бұл бағытта әсіресе Аягөз дегі ТЧЭ-25 пен Бұқтырма станциясында бірқатар шаралар қолға алынған. Жалпы, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Басты мақсат – теміржолшылар үшін қолайлы еңбек орнын әзірлеу және алдағы қатал қысқа жоғары деңгейде даярлық жасау. Бөлімше басшысы Владимир Владимирович мұндай шаралар алдағы уақытта да тоқтамай, кезең-кезеңмен қолға алынатынын айтады. Мәселен, биыл 11 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, келергі жылы 31 ны санды толығымен жаңартуға бюджеттен тиісті қаражат қарастырылуда. Ал алдағы бес жылдық ішінде ұлттық компанияның көмегімен бөлімшедегі барлық ескірген нысандарды жаңалау көзделіп отыр екен.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Суретті түсірген автор