Еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша көмек
Кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысы бар қызметтерімен бірлесіп, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін бақылайды.
«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіподақтар өз мүшелерінің, сондай-ақ олардың мүдделерін шарттық негізде білдіруге өкілеттік берген қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыс беруші тарапынан жүргізілетін қоғамдық бақылауға қарсы іс қимылға және кедергі келтіруге жол берілмейді.
Кәсіподақтар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша тұрақты негізде аттестаттауға қатысады.
Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында кәсіподақтар тепе тең негізде ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамына кіреді.
Ұжымдық шартқа (ҰШ) сәйкес кәсіподақ:
- қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі мен еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауына жәрдемдесуге;
- өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу шараларын әзірлеуге қатысуға;
- зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза тапқандардың отбасыларына Жұмыс берушінің қызметкерге еңбек міндеттерін орындауға байланысты мертігуден немесе денсаулығының басқа да зақымдануынан келтірілген зиянды уақтылы және толық өтеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде тегін консультациялар және құқықтық көмек беруге;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария мәселелері жөніндегі актілерді, еңбекті қорғау, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар және қызметкерлердің денсаулығы жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға міндеттенеді.
Байланыс:
Бас техникалық инспектор: Қайрат Қазизтайұлы Мұқанов
Телефон: +7 (7172) 60-35-39
Email: Mukanov_K@railways.kz