ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Қазкөліккәсіп қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып, бағдарламалары біздің Кәсіподақтың мақсаттарына сәйкес келетін шетелдік, отандық кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық болып табылатындығы атап өтілді.

Кәсіподақтың ішкі және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын үш бағытқа бөлуге болады:

  • Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) құрамына кіретін салалық кәсіподақтармен ынтымақтастық. ҚРКФ мүшелік ұйымы бола отырып, Қазкәсіпкөлік Федерацияның алқалы басқару органдарында белсенді жұмыс істейді және оның басқа мүшелік ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта. Федерацияның іс-қимыл жоспарларына сәйкес әртүрлі бірлескен акциялар өткізіледі (мысалы, бірлескен талаптар қою, «Еңбекті қорғау» күндерін, дөңгелек үстелдерді және қызметкерлердің мүдделерін қорғаудағы басқа да акцияларды өткізу. Қазкөліккәсіп Парламенттегі, Үкіметтегі түрлі комиссиялардың жұмысына және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қозғайтын заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс берушілер қауымдастықтарымен бірлескен келіссөздерге қатысады;
  • Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының (ХТКК) мүшелігінде және қызметіне белсенді қатысады. Қазкөліккәсіп ХТКК мүшелік ұйымы бола отырып, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Молдова, Армения, Тәжікстан көлік қызметкерлерінің кәсіподақтарымен және Литва, Эстония және Латвия кәсіподақтарымен ынтымақтастықты дамытады;

  •  Қазақстан 1993 жылдан бастап БҰҰ-ның беделді мамандандырылған ұйымының (UNN) – Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) мүшесі;
  • 2016 жылдан бастап халықаралық көлік Федерациясына (ITF) мүшелігінде. ITF мүшесі бола отырып, Қазкөліккәсіп Германия, Швеция, Финляндия, Қытай және басқа елдердің көлік қызметкерлерінің кәсіподақтарымен кездесулер мен бірлескен семинарлар өткізеді

Қазкөліккәсіп барлық елдердің тәжірибесін ескере отырып, теміржолшылардың мүдделерін қорғаудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу үшін 2021 жылы ITF бастамасымен құрылған теміржолшылардың жаһандық нысаналы тобында (RWGTF) ұсынылған.