МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТІ

2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның еңбек ұжымы арасындағы ҰШ-тың ІХ бөлімінің 11-тармағы мен                          12-тармағының негізінде Кәсіподаққа Компания мұражайларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар берілген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша 18 теміржол мұражайы жұмыс істейді.

Кәсіподақ мұражайлары:

1) Қазақстан Республикасының теміржол саласын дамыту туралы тарихи-техникалық мұраны сақтау және тарихи білімді насихаттау, сондай-ақ Кәсіподақ пен Компанияның оң имиджін сақтау, сондай-ақ корпоративтік бірлікті нығайту;

2) ағартушылық, зерттеу, білім беру және экскурсиялық қызметті жүзеге асыру;

3) материалдық және рухани мәдениеттің заттары мен ескерткіштерін жүйелі түрде жинау, сақтау, зерделеу және көрсету;

4) Қазақстанның көлік саласының даму және қалыптасу тарихына, көлік саласы кәсіпорындары мен ұйымдарының тарихына байланысты мұражай коллекциялары мен жинақтарын қалыптастыру;

5) көлік саласы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды белсенді кәсіптік бағдарлау мақсатында жұмыс істейді.

Мұражай қызметінің негізгі бағыттары:

1) іздестіру-жинақтау жұмысы – көліктің даму тарихын көрсететін және көлік саласында жұмыс істеген көрнекті адамдар туралы жадыны сақтайтын заттай, жазбаша, бейнелеу көздерін, сондай-ақ кино, фото, фон көздерін анықтау, зерделеу және экспонаттау;

2) қор жұмысы:

* мұражай қорларын жинақтау, олардың есебі мен сақталуын қамтамасыз ету;

* мұражай қорындағы экспонаттарды уақтылы жөндеу мен қалпына келтіруді бақылау;

3) зерттеу жұмысы:

* мұражай экспонаттарын зерттеу негізінде тарихи мәліметтерді қалыптастыру;

* ғылым мен техниканың шынайы ескерткіштерін іріктеу және олардың негізінде мұражай жинақтары мен коллекциялар жасау;

4) экспозициялық-көрме жұмысы – мұражай жинақтары мен коллекциялары негізінде көлік тақырыбы бойынша экспозициялар мен уақытша көрмелер құру;

5) экскурсиялық-ағартушылық жұмыс:

* ардагерлермен және жастармен экскурсиялар, дәрістер, әңгімелер, тақырыптық сабақтар өткізу;

* насихаттау қызметі, тарихи материалдарды жариялау;

6) консультациялық-әдістемелік жұмыс – музейге келушілердің оқу-тәрбие, зерттеу және шығармашылық жұмысы кезінде мұражай материалдарын пайдалануға көмек көрсету және жәрдемдесу;

7) ресімдеу жұмысы – көрмелерді (уақытша және стационарлық), экспозицияларды, витриналарды, альбомдарды, қабырға газеттерін және басқа да мұражай құжаттарын ресімдеу мақсаттарда жұмыс айтқарады.