Теміржолшылар және көлік
құрылысшылары кәсіподағының
IV съезінде
2000 жылғы 21 қыркүйекте бекітілген
«Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы және оның ішкі құрылымы – бастауыш кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің тексеру комиссиясы туралы ереже
1.1. Қазақстан Республикасы теміржолшылар кәсіподағы филиалының және оның ішкі құрылымы – алғашқы кәсіподақ ұйымдарының тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Кәсіподақ филиалының тексеру комиссиясы) Қазақстан Республикасы теміржолшылар кәсіподағының Жарғысына, осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алқалық және жариялылық қағидаттары негізінде әрекет етеді.
1.2. Кәсіподақ филиалының және оның ішкі құрылымы – алғашқы кәсіподақ ұйымдарының тексеру комиссиясын жиналыс, конференция өткізу арқылы Кәсіподақтың немесе Кәсіподақ филиалы кеңесінің өкілеттік мерзіміне қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия мен тексерулер жүргізудің жеткілікті біліктілігі мен дағдылары бар Кәсіподақ мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия өз қызметіне дербес болады және Кәсіподақтың тиісті филиалының және оның ішкі құрылымы – алғашқы кәсіподақ ұйымының жиналысына, конференциясына есеп береді.
1.3. Тексеру комиссиясының сандық құрамын съезд айқындайды.
1.4. Тексеру комиссиясының төрағасы, оның орынбасары комиссия отырысында сайланады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе жабық) тексеру комиссиясы айқындайды.
1.5. Комиссия мүшелері сайланған тиісті кәсіподақ органының мүшелері және оның аппаратының штаттық қызметкерлері бола алмайды.
2.1. Кәсіподақ филиалының тексеру комиссиясы филиалдың сайланбалы органдарының және оның ішкі құрылымына кіретін барлық алғашқы ұйымдарының қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізеді.
2.2. Алғашқы кәсіподақ ұйымының әрбір тексеру комиссиясы оның жанында сайланған кәсіподақ органының ревизияларын және тексерулерін жүзеге асырады.
2.3. Тексеру комиссиясы төмендегілерге бақылау жасайды:
– Кәсіподақ Жарғысының, съездердің, конференциялардың, жиналыстардың және тұрақты жұмыс істейтін басшы кәсіподақ органдарының шешімдерінің сақталуына;
– мүшелік кәсіподақ жарналарының дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне және олардың жоғары тұрған кәсіподақ органдарына аударылуына;
– кәсіподақ мүлкінің, ақшалай қаражаттың және материалдық құндылықтардың сақталуына, өндірілген шығыстардың заңдылығы мен орындылығына, құрылатын қорларды ұтымды пайдалануына;
– кәсіподақ бюджеті мен сметасы орындалуына;
– қаржылық және статистикалық есептіліктің дұрыстығына;
– кәсіподақ органдарында іс қағаздарының жүргізілуіне, істерді өту тәртібі сақталуына және Кәсіподақ мүшелерінің хаттары, шағымдары, ұсыныстары қаралуына.
2.4. Тексеру комиссиясы оның атына келіп түскен Кәсіподақ мүшелерінің өтініштері мен шағымдарын, кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстарын қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды.
Кәсіподақ филиалының тексеру комиссиясы алғашқы ұйымдардың тексеру комиссияларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді және ревизиялар мен тексерулер жүргізу мәселелері бойынша ұсынымдар, түсіндірмелер әзірлейді.
3.1. Тексеру комиссиясының мүшелері олар сайланған орган жанындағы кәсіподақ ұйымының жиналасы, конференциясы жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
3.2. Тексеру комиссиясының:
3.2.1. Тексерілетін кәсіподақ органынан тексеру жүргізу үшін барлық қажетті шынайы бухгалтерлік және басқа құжаттарды алуға, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша анықтамалар мен түсініктемелер сұратуға;
3.2.2. Ақшалай қаражаттың, материалдық құндылықтардың нақты болуын және олардың сақталуын қамтамасыз етуді тексеруге;
3.2.3. Кәсіподақ филиалы басшылығының келісімі бойынша алғашқы ұйымдардың қызметіне ревизия және тексеру жүргізу үшін тиісті ұйымдардың тексеру комиссияларының мүшелерін, кәсіби органдар аппаратының қызметкерлерін, ал қажет болған жағдайда бекітілген смета шегінде тексерілетін кәсіподақ органының қаражаты есебінен олардың еңбегіне ақы төленетін білікті кеңес берушілерді, сарапшыларды тартуға;
3.2.4. Кәсіподақ мүшелерін және тиісті сайланбалы органдарды ревизиялар мен тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етуге, Кәсіподақ Жарғысына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
3.3. Тексеру комиссиясы:
3.3.1. Сайланбалы кәсіподақ органдарының жарғылық және қаржы-шаруашылық қызметіне үнемі ревизиялар мен тексерулер жүргізуге;
3.3.2. Анықталған кемшіліктерді жою үшін кейінгі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
4.1. Комиссия өзі бекіткен ревизиялар мен тексерулер жоспары бойынша жұмыс істейді. Қажет болған жағдайларда жоспардан тыс ревизиялар мен тексерулер жүргізіледі, олардың орындылығы туралы мәселені жиналыс не конференция немесе оларды сайлаған орган қоя алады.
4.1.2. Жұмыс жоспары, тексерулер жүргізу тәртібі және олардың нәтижелері, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы комиссия отырыстарында қаралады.
4.1.3. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер олардың жұмысына комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып саналады. Егер отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы оған дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
4.1.4. Комиссия отырысы хаттамамен, ал тексеру материалдары – тексерушілер мен тексерілетін кәсіподақ органының басшысы қол қоятын актімен ресімделеді. Тексеру материалдары жоғары тұрған кәсіподақ органына жіберіледі.
4.1.5. Тексерілетін кәсіподақ органы бір ай мерзімде тексеру материалдарын қарауға және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қолдануға, қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға міндетті.
Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі комиссияның талаптары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған жағдайда, комиссия бұл туралы Кәсіподақ Жарғысына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін жоғары тұрған кәсіподақ органына хабарлайды.
4.1.6. Тексеру комиссиясының қызметін қаржыландыру ол жанында сайланған кәсіподақ органының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.