ЖАСТАР САЯСАТЫ
Қазақстанның теміржолшылар кәсіподағының, қазіргі Қазкөліккәсіп бүкіл қызметі барысында міндеттердің бірі кәсіподақтың жас мүшелерінің құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін қорғау және шешу болып табылады.
Қазкөліккәсіп жастар саясатындағы қызметтің негізгі бағыттары:
Қазкөліккәсіп жастар саясаты шеңберінде жастармен жұмыс (Жастар кеңестері, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, оларды Қазкөліккәсіп және оның құрылымдық бөлімшелері өткізетін акцияларға, ақпараттық күндерге тарту);
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен және жұмыс берушінің басқа да өкілдерімен әлеуметтік әріптестік шеңберінде жастармен жұмыс (өңірлік және республикалық маңызы бар форумдар, «Жас қасіби маман» конкурстары);
халықаралық ынтымақтастық аясында жастармен жұмыс.
Ұжымдық шартқа еңбек жағдайларын жақсартуға, жас қызметкерлердің әлеуметтік тұрмыстық мәселелерін шешуге және оларды өндірісте бекітуге, сондай-ақ оларды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Кәсіподақтың белсенді өміріне мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар арқылы тартуға тікелей қатысты тармақтар енгізілді.
Мысалы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы ұжымдық шартта мынадай тармақтар бар:
1) жұмыс беруші бөлу бойынша өніндегі жұмысқа келген жас теміржолшы-мамандарға және ауыстыруды жүзеге асыруға ниет білдіруші қызметкерлерге орналасу үшін 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге және жұмыстың алғашқы екі жылы ішінде тарифтік мөлшерлемелерге 20 пайыздық үстеме ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді;
2) жас қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында:
Компания бюджетінен бөлінген қаражат шектерінде «Сен болмасаң, Кім?» девизімен жас теміржолшылардың копоративтік лагерінің жыл сайынғы сессияларын, «Жастар – темір жол болашағы!» жас қызметкерлердің өңірлік және республикалық форумдарын;
«Жас үздік маман» кәсіби конкурсын өткізуге;
3) Жастар күніне Компания бюджетінен бөлінген қаражат шектерінде жыл сайын Компания филиалдары қызметкерлерінің ішінен «Мерейлі жас теміржол отбасы» конкурсының жеңімпаздары болып танылған жас отбасыларына 15 (он бес) АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;
4) Қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, Компания және Кәсіподақ өткізетін жастар және басқа форумдарына, конференцияларға, тренингтерге, пікірталас клубтарына, сессияларына, жас кәсіподақ көшбасшысы мектептеріне және Компания мен Кәсіподақтың құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға жұмыс орындарын (лауазымдарын) және еңбекақыларын сақтай отырып, қатысуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.