«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығы және Атырау жол бөлімшесінің 80 жылдығы аталып өткен былтырғы жыл мұнайлы астананың теміржолшылары үшін табысты болды.
Жыл қорытындысын жария еткен жиында Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Аслан Базарғалиев өлке темір жолының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған барша теміржолшыларға алғыс айтты. Сонымен қатар ерен еңбегімен ерекше көзге түскен бір топ қызметкерлер мен сала зейнеткерлері мерейтойлық төсбелгімен марапаттады. Олардың арасында ұзақ жылдар кадр бөлімін басқарған Тоқтарбай Досжанов, Атырау станциясына басшылық еткен Оңайғали Сисенғалиев сынды ардагерлер, Азиз Айжарықов, Нелли Матаева, Фарида Қазжанова секілді бүгінгі таңда еңбектің ерен үлгісін танытып жүрген майталман мамандар бар. Бөлімше басшысы мерейі үстем болған жандарға зор денсаулық, отбасы амандығын және еңбек жемісін тіледі.
Қосұйым МҰҚАШЕВ,
Атырау
Суретті түсірген автор