Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында жыл қорытындысы шығарылып, теміржол саласындағы ең үздік ұжымдар мен мамандар анықталады. Әбдірахман Сырғабаев басқаратын мекемеде өткен жиын бір жылдық қажырлы еңбектің нақты нәтижесін көрсетті. Жыл бойы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен сала мамандары бүгін өздерінің білімі, біліктілігі мен тәжірибесін ортаға салды.
Әр бригаданың учаскелерінде атқарған жөндеу жұмыстары;
Байланыс және сигнализация құрылғыларына көрсетілген күнделікті кәсіби күтім деңгейі;
Ревизорлық тексерулердің қорытындылары;
Өндірістік тәртіп пен жауапкершілік деңгейі – барлығы жан-жақты сарапқа салынды.
Үздік бригадалар :
1 орын Майлытоғай – 14 разъезд СОБ бригадасы (аға электромеханик Сәбит Омашев)
2 орын Бірқазан – Бәйгеқұм КТСМ бригадасы (Серікбол Лепесов)
3 орын Механизация және автокөлік бригадасы (Алмасбек Тұрымбетов).
Жеке номинациялар жеңімпаздары:
- Үздік радиобайланысшы – Есенәлі Мардан;
- Үздік СОБ маман – Бақыт Майгелдиев;
- Үздік байланысшы – Еркебұлан Қыдырбаев;
- Үздік КТСМ маман – Қарасай Әділханұлы;
- Үздік маман (жөндеу-технологиялық телім) – Мырзабай Аскаров.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Кәсіподақ төрайымы Ғалия Қожахметова мен мекеме басшылығы теміржолшыларға алғыс білдірді.


