Вы сейчас просматриваете Астанада «ҚАЗТЕМІРЖОЛКӘСІП» ҚБ Жастар кеңесінің мүшелеріне арналған мобилография бойынша оқыту семинары өтті

Астанада «ҚАЗТЕМІРЖОЛКӘСІП» ҚБ Жастар кеңесінің мүшелеріне арналған мобилография бойынша оқыту семинары өтті

«ҚАЗТЕМІРЖОЛКӘСІП» ҚБ Жастар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 8–9 сәуір күндері Астана қаласында мобилография бойынша екі күндік оқыту семинары өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен Жастар кеңесінің 25-тен астам өкілі қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты — қатысушылардың мобильді құрылғылар арқылы сапалы фото және бейне контент жасау саласындағы құзыреттерін арттыру.

Бағдарлама аясында қатысушылар мобилография бойынша теориялық білім алып, практикалық дағдыларын жетілдірді. Заманауи визуалды контент жасау құралдарына, композиция, жарық және монтаж жұмыстарына ерекше назар аударылды. Семинар мазмұнды әрі тәжірибелік бағытта өтті.

Оқу қорытындысы бойынша Кәсіподақ Төрағасының орынбасары Аман Төреғожин семинар лекторы Дархан Нұрғалимен бірлесіп, қатысушыларға тиісті сертификаттар табыстады.

Кәсіподақ Жастар кеңесінің төрағасы — Замир Сериков.

«Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу жас кәсіподақ белсенділерінің кәсіби және коммуникациялық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ Кәсіподақтың ақпараттық жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Кәсіподақ Төрағасы Оразғали Ахметбаев.