АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • Post category:Новости

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің
Шымкент филиалында өткен Атқарушы комитет жиыны ағымдағы жұмыстарға арналды

Жиналысқа филиалға қарасты 12 ұйым жетекшілері түгел қатысып, алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Нағима Салықбаева жылдық жоспар бойынша талдау жасап, кәсіподақтарды белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.
Спорт нұсқаушысы Е.Маньшина сөз алып, алдағы республикалық турнирге команда дайындау жайын пысықтап, Бурабайға жолдама алған наурыздағы турнир жеңімпаздарын атап өтті, сондай-ақ компания қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстауға шақыратын республикалық «Никотиннен – витаминге» акциясына бір кісідей қатысуға шақырды.
Арыс станциясының цехком төрағасы Шорахан Телғозы тарапынан теміржолшылар мерекесі қарсаңында Түркістан облысының теміржолшылары арасында спорт турнирін Арыста ұйымдастыру идеясы мақұлданды.

Сабира БАЙЗАХОВА,
Шымкент