2025 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан турнир өтті. Турнирге ТЧЭ-34, ЭЧ-25, ПЧ-57, НЖС-10 және ДС «Белкуль» командалары қатысты. Тартысты өткен ойында 1-орынды НЖС-10 командасы жеңіп алды. 2-орын ЭЧ-25 командасына бұйырса, 3-орынды ТЧЭ-34 командасы иеленді. Жүлделі орын иегерлеріне грамоталар мен медальдар табысталды.


