2025 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында Кәсіподақтың Орталық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шара барысында Кәсіподақ Төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысушыларға құттықтау сөзін арнап, алдағы жұмыстың маңыздылығын және қойылған мақсаттарға жету үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті:
«Кәсіподақтың XI съезі ұйымымыздың даму бағытын айқындады. Бүгін біз теміржол саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіруіміз керек. Ортақ күш-жігерімізбен маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Кәсіподақ мүшелерінің сенімін нығайтамыз деп сенемін», — деді Оразғали Ахметбаев.
Төраға сондай-ақ қатысушыларды жаңа құрамдағы жұмыстың басталуымен құттықтап, алдағы шешімдердің маңыздылығын атап өтті және баршаға нәтижелі әрі өнімді қызмет тіледі.
Отырыста келесі негізгі:
• Кәсіподақтың нормативтік-локалдық актілерін бекіту;
• 2026 жылға арналған Кәсіподақтың жұмыс жоспары;
• Кәсіподақ құрылымындағы өзгерістер;
• Кәсіподақтағы ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.

