Вы сейчас просматриваете Құрық құрамасының бағы жанды

Құрық құрамасының бағы жанды

  • Рубрика записи:Новости

Маңғыстауда жылдағы дәстүр бойынша теміржолшылардың төл мерекесіне орай «Қазкөліккәсіп-2021» шағын футбол лигасының кезекті іріктеу туры өтті. Бір уақытта екі жерде өткізілген ойында жергілікті теміржол мекемелерінен құралған 13 команда өзара бақ сынасты.

Жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі әкімшілігінен, жолаушылар тасымалы, вагон және локомотив деполары, электрмен жабдықтау, байланыс және белгі беру, сондай ақ жол дистанцияларынан, станциялардан, теміржол полицияларынан құралған командалар төртке бөлініп, екі топтан екі спорт залында қатар сайысқа түсті. Бірі «Жеңіс» спорт кешенінде болса, екіншісі «Миғраж» мешіті спорт залында өтті. «Жеңістегі» футболшылардың бірінші және екінші тобынан Құрық порты станциясының, ПЧ-13 мекемесінің жігіттері финалға шығып, финал біріншілігі үшін жарысты. Бұл ойында Құрық порты командасы үстем шығып, әрі қарай үшінші және төртінші топтар арасындағы жеңген командамен бас жүлде үшін ойынға шықты. Нәтижесінде ақтық сайыста локомотив депосының теміржолшыларын жеңген Құрық порты құрамасы бірінші, локомотив депосы екінші, ПЧ-13 ойыншылары үшінші орынды иемденді.

  • Жеңімпаз командаларға кубок, грамота және ақшалай марапаттар табысталды. Жалпы қатысқан барлық команданы бос қалдырмадық. Қазір азық-түлік бағасы қымбат, малға шөп мәселесі дегендей, сондықтан 13 команданың бәріне де қаржылай сыйлық берілді. Бірінші орынды иеленген Құрық порты станциясының ойыншылары Ақтөбеге жолдама алды. Енді олар сол жақта тамыз айында Батыстың жеңімпазы болу үшін бақ сынайды. Одан жеңіске жетсе, әрі қарай маңғыстаулықтардың намысын Шымкентке арып қорғайды. Шымкенттен де бірінші орынға шықса, Нұр-Сұлтан аласында өтетін республикалық жарысқа жолдама беріледі. Біздің ендігі ежеміз сол. Себебі осы турнирде Құрық портының жігіттері өте жақсы йын көрсетті. Жалпы, бұл команда республикалық басқа да сайыстарға атысып жүрген, әбден шираған жұмысшылардан құралған. Өткен жылы Ч-13 командасы Батыс аймақтың бәйгесінде екінші орын алып қалған еді. сы жылғы мақсатымыз – бас жүлде, – дейді Маңғыстау өңірі бойынша аға порт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау