You are currently viewing Көкшетауда кәсіподақтың көшпелі отырысы өтті

Көкшетауда кәсіподақтың көшпелі отырысы өтті

  • Post category:Новости

Көкшетауда «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесі атқарушы комитеті мен оның филиалдарының көшпелі отырысы өтті. Жиында кәсіподақ қызметінің ұйымдастырушылық және басқа да бағыттары, жұмыс жоспарының орындалуына қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартты жасауға әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселелері де сөз болды. Кәсіподақтың қазіргі жұмыс жағдайы туралы «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев баяндама жасады. Сондай-ақ кәсіподақтың қажеттіліктері, қызметтері мен жұмыстары және тауарларын сатып алу бойынша комиссия ережесі жайында бірлестік төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев сөз сөйледі. Отырыста Атырау локомотив пайдалану депосында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жақсарту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жайы айтылды. Жалпы кәсіподақтың атқарушы комитетінің отырысы жыл басынан бері 5 рет өткізілді. Соның ішінде өндіріске қатысты кездесулер Астана мен Өскеменде ұйымдастырылса, халықаралық іс-шаралар Челябинск, Оренбург, Астана, Сочи, Екатеринбург қалаларында өтті.

Райхан Рахметова