Вы сейчас просматриваете Қарағанды теміржол кәсіпорындарын аралады

Қарағанды теміржол кәсіпорындарын аралады

  • Рубрика записи:Новости

«Қазкөліккәсіп» ҚБ департамент бастығы Нұрлан Нұрпейісов, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бас редакторы Дина Муздыбаева, қазақ редакциясы бөлімінің жетекшісі Сұлугүл Бакесова және фототілші Александр Жабчук көмір астанасына жұмыс сапары барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясында орналасқан Қарағанды жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде болып, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті.

Кездесуде «Қазкөліккәсіп» ҚБ құрылғанына 30 жыл толуына байланысты оның аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар, теміржолшылардың төл басылымының таралымы, сандық технология дендеп енгізіліп жатқан қазіргі заманда газеттің электрондық форматқа көшіп, rail-news.kz сайтының оқырмандарға жол ашуы, оқырмандарды алаңдатқан дүниелер, тағысын тағы мәселелер талқыға салынды.

Астаналық делегацияның бұл сапары «Әлем балалар көзімен» байқауын қорытындылаған күнмен тұспа тұс келіп, балдырған қылқалам шеберлерін марапаттау рәсіміне қатысу мүмкіндігі де туды.

Бұдан кейін елордалық меймандар Қарағанды-Сұрыптау дөңесінің, локомотив пайдалану депосының, қайта құрылымдаудан өткен Қарағанды вокзалының жұмысымен танысып, сала еңбеккерлерімен әңгімелесті. Өңір теміржолының қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі тыныс-тірлігінен, аймақ теміржолының дамуына сүбелі үлес қосқан даңқты теміржолшылардың еңбек жолдарынан сыр шерткен Қарағанды темір жол музейінде болып, тамыры тереңнен бастау алатын тарихымен танысты.