You are currently viewing Айтулы дата аталып өтті

Айтулы дата аталып өтті

  • Post category:Новости

Жуырда Атырау филиалында «Қазтеміртранс» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл болған мерейлі күн кәсіподақ ұжымының ұйымдастыруымен аталып өтті. Қазақстанның көлік нарығының көш басындағы ұлттық оператордың жеке паркінде бүгінде 40 мың жүк вагоны бар.
Жалпы, жүк вагондарының операторлық және көлік экспедициясы қызмет түрлерін көрсететін компания айына 8 миллионнан астам жүк тасымалын қамтамасыз етеді екен. Вагондарды операциялау, арнайы жылжымалы құрамды жалға берумен қатар компания металл сынықтарын сақтау және өткізу қызметімен де айналысады. Жылжымалы құрамдары тек Қазақстан емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан жолдарында жүреді. Ал клиенттер онлайн-сервис арқылы қызмет түрлерін пайдалана алады.
Компанияның Атырау филиалы бойынша биылғы 9 айда 3606 вагон жүк тиелген, негізгі серіктестері: «Карат», «РауанТех», «Иси Гипс Индер», «БатысТрансГрупп», т.б. жергілікті мекемелер.
Салтанатты шараға Атырау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары мен зейнеткерлер арнайы шақырылыпты. Филиал директорының міндетін атқарушы Күләш Бисенова өз сөзінде филиалдың 20 жылдан бері вагон нарығында өзіндік орны бар компания ретінде қалыптасқанын жеткізді. Мекеменің құрылған кездегі қайнар бастауында болған Қайырлы Кенжалиев, Рая Мұсақаева, Тыныштық Сакишева, Лайық Жайғалиқызы және басқа зейнеткерлер, бұрын осы мекемеде басшы болған Айдын Мұхамбетов, Күлән Мұғауова кәсіподақ төрайымы Ақжайық Әбішева өткен күндерден естелік айтып, қиын да қызықты кездерді еске алысты.
Атаулы күнге орай зейнеткерлер мен бірқатар мамандарға «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Сәуірбаевтың атынан Алғыс хат табысталды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Камиев те құттықтау хатын жолдап, кәсіподақ атынан сыйлық жасады.
Қосұйым Мұқашев