You are currently viewing ҮЗДІК КОМАНДА – ТЕМІРЖОЛШЫЛАР

ҮЗДІК КОМАНДА – ТЕМІРЖОЛШЫЛАР

  • Post category:Новости

Жуырда Абай облысында «Еңбекші жастар-2023» фестивалі аясында спорттың шағын футбол түрінен аймақтағы іргелі еңбек ұжымдары арасында сайыс өтіп, теміржолшылар жеңіске жетті.

Жуырда Абай облысында «Еңбекші жастар-2023» фестивалі аясында спорттың шағын футбол түрінен аймақтағы іргелі еңбек ұжымдары арасында сайыс өтіп, теміржолшылар жеңіске жетті.

Турнирге «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесінің әуесқой футболшыларынан тұратын құрама командасы қатысып, бақ сынады. Осыған дейін ұлттық компания бойынша республиканың әр түкпірінде, тіпті шет елдерде де жарысқа барып, шеберлік сынап жүрген семейлік теміржолшылар үшін бұл жолғы сайыс қиынға түскен жоқ.
Барлық қарсылас командаларды ұпай санымен ойсырата ұтып, жеңіс тұғырына еркін көтерілді.
Осылайша турнирге қатысқан 8 команда арасында теміржолшылар мерейі үстем болды.
Бас жүлдені жеңіп алған теміржолшылар атқарушы билік тарапынан ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал екінші орынды «12 ай» компаниясының Семей филиалы иеленді. ІІІ орын «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының» құрама командасына бұйырды.
Мұнымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясының иегері болып Мархат Нұрахметов, Жомарт Болатов есімді спортшылар танылды. Ал «Үздік қақпашы» номинациясының иегері Мерей Айткенов құрметке кенелді.
Бір айта кетерлігі, аталған фести валь аясында теміржолшылардың жас буыны ең үздік еңбекші жастар ретінде де жоғары бағаланды.
– Мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор деп санаймыз.
Бүгінгі таңда еңбекші жастар өз уақыттарын тиімді өткізіп, қайырымдылықпен, спортпен шұғылданады.
Сондықтан қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар қауымы кәсіби еңбекті қоғамдық шаралармен тығыз астастырып, қатар алып жүр деу- ге толық негіз бар. Фестиваль барысында олардың атқарушы билік тарапынан марапатталуы осы жолдағы еңбектерінің бағалануы деп білеміз. Президентіміз атап өткендей, еліміздегі еңбекқор жастар мен нағыз кәсіби мамандық иелерінің жетістіктері жоғары бағаланып, кейінгі толқынға үлгі етілуі тиіс, – дейді бұл орайда фестиваль жүлдегері, Семей ЖТ бөлімшесіндегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, кәсіпқой футболшы

Жанат Мойынбаев.
Абай ЕРТІС, Семей
Суретті түсірген автор