You are currently viewing Қалпына келтіру пойыз Атасу станциясында

Қалпына келтіру пойыз Атасу станциясында

  • Post category:Новости

Жаңаарқа ауданы әкімінің өтініші бойынша Атасу станциясында су тасқыны қаупін жоюға шұғыл түрде түнгі уақытта Жаңаарқа станциясының қалпына келтіру пойызының арнайы техникасы тартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Еріген су ағынын ұстап тұру үшін жер жұмыстары жүргізілген Талды-Манақа өзенінің бөгетіне темір жолы арқылы Т-330 бульдозері жеткізілді. Арнайы техника бөгеттің шайылған учаскесін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде су ағыны тоқтатылды, осылайша Атасу кентінің су басуына жол берілмеді.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін теміржолшылар жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жағдайын бақылау шараларын күшейтті. Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар шайып кетуге қарсы 45 пойыз толық дайындықта тұр.