You are currently viewing Қарттар күні!

Қарттар күні!

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» Қызылорда филиалы төрағасы Жүсіпов Өмірбек Жүнісұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалы директоры Арысбаев Аманкелді Қонысбайұлы және оның кәсіподақ ұйымы төрағасы Көпірбаев Мұхтар Өмірзақұлы біріккен «Қарттар күні» аясында, аймақтың ардагер теміржолшыларына құрмет көрсетті.

Қашанда теміржол саласынан зейнетке шыққан ардагерлерін ардақтауға дәстүрге айналдырған сыр бойының теміржол кәсіподақтары, бұл жолы зейнеткерлердің үйіне барып, олардың хал жағдайларымен танысып, көңілдерін аулады.

Кәсіподақ ұйымының атынан зейнеткерлерге толағай сыйлықтар табыс етілді. Зейнеткерлер өз кезеңінде алғыстарын айтып баталарын берді.