You are currently viewing «Қазкөліккәсіп» пен «Роспрофжел» өкілдерінің кездесуі өтті

«Қазкөліккәсіп» пен «Роспрофжел» өкілдерінің кездесуі өтті

  • Post category:Новости

Ресейдің Батыс Сібір темір жолындағы Омбы қаласында «Қазкөліккәсіп» және «Роспрофжел» өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.
Бұл кездесу Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының жалпы саясатының, сондай-ақ Ресей теміржолшылары және көлік құрылысшылары кәсіподағы (Роспрофжел) мен «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы» (Қазкөліккәсіп) арасында қол қойылған Трансшекаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өтті. Қазақстан Батыс Сібір темір жолымен шектеседі, оның құрамына Ресей Федерациясының шекаралық жол кәсіподақтары кіреді. Қазақстаннан «Қазкөліккәсіп» Орталық кеңесінен Жұпарбек Сәбитов пен Амангелді Төреғожин, сондай-ақ Павлодар кәсіподақ филиалы мен Семей өңірі бойынша өкілдер қатысты. Кездесуде тараптар кәсіподақ жұмысы бойынша тәжірибе алмасып, теміржол көлігіндегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерін талқылады.
«Меморандум аясында екі елдің кәсіподақтарының өзара іс-қимылы сәтті жалғасуда», – деп атап өтті «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, – біз белсенді түрде ынтымақтасып, тәжірибе алмасып келеміз, әртүрлі бірлескен іс-шаралар өткізудеміз. Өткен жылдың өзінде екі елдің теміржол кәсіподақ ұйымдарымен «Қазкөліккәсіп» және Батыс Сібір, Оңтүстік Орал және Приволжск темір жолдары өкілдері қатысқан он шақты түрлі ұйымдастырушылық, спорттық және ағарту іс-шаралары болды».
Басқосу барысында алдағы күннің спорттық іс-шаралары мен халықаралық конфедерациясы ынтымақтастығының жоспарлары белгіленді.
«Кәсіподақта шекара жоқ. Біздің ортақ міндетіміз – сала қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбек құқықтарын қорғау», – деп түйіндеді сөзін Батыс Сібір темір жолындағы «Дорпрофжел» төрағасының орынбасары Сергей Ращукин.

Сұлугүл Бакесова