You are currently viewing Қызылордалық теміржолшылар 80 жасқа келген ардагерге шапан жауды

Қызылордалық теміржолшылар 80 жасқа келген ардагерге шапан жауды

  • Post category:Новости

Қызылорда жол дистанциясының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы және ардагерлер кеңесінің мүшелері жол мекемесінің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып, талай өзгерістің куәсі болған Аманжол Аймахановты мерейлі 80 жасымен құттықтап барып, батасын алды.
Ардагерді құттықтауға барған салалық ардагерлер кеңесі Қызылорда филиалының төрағасы Сисен Шермаханов ҚТЖ-дағы Орталық теміржолшы- ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиевтің алғыс хатын тапсырса, Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ақыл Әбілдаев, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева, кадр бөлімінен Майра Бадракова Аманжол ағаның дистанциядағы шәкірттері әлі күнге дейін ұстаздарын құрметпен еске алып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда мерейтой иесінің еңбегі орасан зор екені жазылған адресат табыстады.
– Дистанцияның есебіндегі зейнеткерлердің мерейлі жасқа жеткен ардагерлерін үйіне барып құттықтау – бізде қалыптасқан дәстүр. Олардың туған күндерін атаусыз қалдырмауға барымызды саламыз. Бір кездері мұндай мүмкіндік болмағаны рас. Шүкір, қазір жағдай түзелді. Сондықтан үлкенге құрмет көрсетіп, зейнеткерлердің отбасына барып, жағдайын біліп, басшылықтың алғысын жеткізіп, сыйлықтарымызды тапсырып жүрміз. Осы жолы да Аманжол ағамыздың сексеннің сеңгіріне шыққан мерейлі жасында иығына шапан жауып, батасын алдық, – дейді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Сабырхан Сейілбекұлы