Вы сейчас просматриваете Үздік ойыншылар анықталды

Үздік ойыншылар анықталды

  • Рубрика записи:Новости

Сарыағаштағы «Дарын» спорт кешенінде мини-футболдан сайыс өтіп, түркістандық теміржолшылар арасында үздік ойыншылар анықталды.
«Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған спартакиадаға теміржол мекемелерінен іріктелген 8 команда қатысты. Ережеге сай екі айналымдық жүйемен кездесіп, финалға 4 команда шықты. Олар – ВЧД-24 пен ШЧ-38, ДС-1 және ВЧД-30 командалары.
Тартысты ойын нәтижесінде Сарыағаш станциясының командасы ІІІ орынға иелік етсе, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының спортшылары ІІ орынды меншіктеді. Ал Арыс вагон пайдалану депосының сайыпқыран жігіттерінен құралған команда шебер ойын өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорттың дамуына атсалысқан барлық спортшылар мен команда мүшелері ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нұрлыбек Досыбай