You are currently viewing Семейлік теміржолшылар қарттарға алғыс айтты

Семейлік теміржолшылар қарттарға алғыс айтты

  • Post category:Новости

 

Семейлік теміржолшылар халықаралық қарттар күніне орай бөлімшеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен сала ардагерлеріне арнап ақ дастархан жайды.
Жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен басқосуға алыс-жақыннан қадірменді теміржолшы қариялар шақырылды. Жиынның беташар рәсімін ашқан бөлімшенің ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов ашып, замандастарын атаулы күнмен құттықтап, бүгінгі таңда ұлттық компания тарапынан сала ардагерлеріне жасалынып жатқан көмектерге тоқталды. Келесі сөз кезегін алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Татьяна Жекенқызы барша қарияларға ізгі тілегін арнады.
Сонымен қатар жиналған қауым алдында бөлімшенің жаңадан тағайындалған директоры Алмас Сейсемқанов сөз алып, тәжірибесі мол аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесіне бүгінгі буынның әрдайым мұқтаж екенін жеткізді. Сонымен қатар Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов пен салалық кәсіподақ ұйымы төрағасы Есен Қажығұлов та қариялар қауымына алғыс айтып, ізгі тілектерін жолдады.
Ұйымдастырушылар басқосуды қызықты өткізу үшін қарияларға түрлі викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тапқандарға сыйлықтар таратты. Ардагерлер өткен күндерден сөз қозғап, жылы естеліктерімен бөлісті. Жас буынға ағалық ақ тілектерін білдірді. Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы көпшілікке арнап қазақы дәстүрмен бата берді.
Жергілікті теміржолшылардың өз күшімен әзірлеген концерттік бағдарлама жиын шырайын аша түсіп, қадірменді қариялар үшін бұл күн естен кетпес ерекше сәттердің бірі болғаны анық.

Қуаныш Қожаев