You are currently viewing 40 жыл еңбек еткен теміржолшы құрметті демалысына шықты

40 жыл еңбек еткен теміржолшы құрметті демалысына шықты

  • Post category:Новости

Қазалы вагон пайдалану депосында қырық жылдан астам еңбек еткен вагон қараушы Сейтқали Алпысбаев зейнет демалысына шықты.
Депо бастығы Арғын Орымбаев бастаған ұжым, кәсіподақ ұйымы әріптестерін зор құрметпен шапан жауып шығарып салды.
Сейтқали Сражадинұлы 44 жылдық еңбек өтілінің 41 жылын осы депода өткізіпті. талай шәкірт тәрбиелеп, вагондарға бақылау жасап, техникалық күтім көрсетудің қыр-сырын үйреткен тәлімгер. Биыл кәсіби мереке қарсаңында «ҚТЖ» компаниясы басшылығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
– Депоның өркендеуіне сүбелі үлес қосқан әріптесіміздің озық тәжірибесі, өнегелі ісі әрдайым әріптес-шәкірттеріне үлгі болады. Ендігі жерде бейнеттің тәтті зейнетін көріңіз, – деген кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым ардагер вагон қараушының иығына шапан жапты.
Қазалы вагон пайдалану депосының Сұлутөбе станциясындағы бақылау бекетіне 1982 жылы жылжымалы құрама жөндеушісі болып орналасқан Сейтқали аға көзді ашып-жұмғанша қырық жыл өте шыққанына таң.
Сабырхан Сейілбекұлы