You are currently viewing Әлеуметтік жағдай тұрақты…

Әлеуметтік жағдай тұрақты…

  • Post category:Новости

Теміржолшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған Ұжымдық келісім шартта көрсетілген бағыттардың орындалу деңгейіне көз жеткізу, бұлардан бөлек талап-тілектер болса жергілікті жерде шешу, шұғыл, тосын жағдайлар болса, оның себеп-салдарын біліп тиісті органдар арқылы шешілуіне жұмыс жасау секілді әлеуметтік тұрғыдағы мәселелердің қаншалықты дәрежеде атқарылуын бақылап көру үшін «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, ҚБ орталық кеңесінің Экономикалық сұрақтар жөніндегі бас эксперті Алмагүл Еримова, заңгер Н. Кошкумбаева, бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов пен Медикер медициналық орталығының дәрігері Е.Өтеповалар Сыр өңіріне келді.
«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов бастаған топ аймаққа табан тіреген бойы алғашқы жұмысты бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл, Қазалы станцияларындағы еңбек ұжымдарымен кездесуден бастады. Тіпті, Сексеуіл-Қоскөл жаңа теліміндегі Қарашеген станциясына дейін барып жағдайды көзбен көрген жұмысшы топ бұл жерде де жағдаймен жақыннан танысыпты. Бұл телімдегі кейбір станциялар мен бекеттердегі модульді тұрғын үйлердің жай-күйі назар аударуды қажет ететіндігі байқалыпты.
Сексеуіл станциясында алғашқы жиынды өткізген жұмысшы топ бекеттегі барлық салалық мекемелердің теміржолшыларымен кездесу өткізіп. Олардың әлеуметтік тұрғыдан жағдайларының талап деңгейінде
екендігіне көз жеткізіпті.
-Мен Қызылорда өңіріне үшінші мәрте келіп отырмын. Ең алғаш келген кезіммен салыстырғанда теміржолшылардың жағдайы әуелгісінен көш ілгеріліп, жақсарған. Еңбеккерлерге барлық жағдайлар талап деңгейінде жасалғандықтан бұл жолы арыз-шағым болған жоқ. Десек те, құжаттарға қатысты кішігірім әрі жергілікті жерде жөнделіп, жолға қойылатын мәселелер ғана кездесті. Ондай жағдайларды жұмысшы топ
құрамындағы мамандар түсіндіріп, құжаттардың ұжымдық шарт талабы шеңберінде жасалуына бағыт-бағдар берді,-деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.
Жұмыс тобымен кездесу барысында теміржолшылар тарапынан дәрігерлік сауықтыру мәселесіне байланысты қордаланған сауалдар туындауына байланысты Медикер компаниясының жергілікті өкілдігінен дәрігерлер жиынға арнайы шақырылып, түйткілді мәселелерді түсіндіріп беруі үшін шақырылыпты.
Бірлестіктің жұмыс тобының Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің теміржолшлыларымен кездесуіне Медикер компаниясының «Өндіріс» медициналық орталығының директоры Сұлтанбек Кенжебаев, орталықтың кординатор-өкіл дәрігерлері Ғалия Нұрмақова мен Әсемгүл Махамбетовалар қатысты. Жиын медораторы Бауыржан Ахметов жиналысқа қатысушы жұмысшы топ өкілдерін таныстырғаннан кейін алғашқы сөзді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Абзалбекұлына берді.
Ұжымдық шартта көрсетілген және орындалуы тиіс бағыттардың іске асырылуын көзбен көріп, көңілге тоқып аймақтағы бекеттерді аралап жағдайды саралаған жұмыс тобының негізгі мақсаты жазалау емес көмек колын созып көмектесу, түсіндіру, қордаланған жағдай болса оңтайлы шешілуіне атсалысу-деп сөз бастаған төраға орынбасары. Жалпы жағдайдың әлеуметтік тұрғыдан тұрақты әрі біршама жақсарғанын білдірді. Жағдайды бүге-шүгесіне дейін түсіндірді. Тіпті алдағы наурыз айынан бастап еңбекақының өсуі болатындығын, мерекелерге байланысты сыйақы берілетіндігін де айтып теміржолшыларды қуантты.
Теміржолшылармен кездесу барысында жұмыс тобы өкілдеріне талабын параққа жазып алып келген бір теміржолшы болыпты. Бәрақ бұл талап жұмыс тобының құзіретіне жатпайтындығы түсіндірілген. Ал параққа жазылған талап тұрақты жұмысқа тұру болғандықтан, бұл сауалға ҚТЖ компаниясына жұмысқа тұру туралы қағидаға сәйкес жауап берілетіндігі түсіндіріліп, бөлімше басшылығына жеткізген.
Жиында денсаулығына алаңдаушылық білдіретін теміржолшылар тарапынан Медикер компаниясының «Өндіріс» медициналық орталығының өкілдеріне сауал қойылды. Еңбек қорғау инспекторлары да өз салаларына байланысты сауал беріп, жауап алып жатты.
-Салалық мекемелердің еңбекшілерімен компания арасында жасалынған Ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік бағдарлардың орындалу процесін өз көздерімен көріп, бақылау. Еңбек қорғау, еңбекақының төлену үдерісін айқындау жалпы алғанда теміржолшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қаншалықты деңгейде қорғалуын
тексеріп, бақылау мақсатында келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов бастаған жұмыс тобы Сыр бойында бірнеше күн болды. Бөлімше басшылығымен кездесті. Мекемелерді жекелей аралап танысты. Жұмысшы топ Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда станцияларында тораптық жиын өткізіп теміржолшылардың сауалдарына
жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады,-деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор